Сәу 16, 2023 19:32 Asia/Almaty
  • Бүкіл күштердің бас қолбасшысы аятолла Хаменеи Иран Қарулы күштерінің қолбасшылары мен жоғары лауазымды тұлғаларын қабылдады

Бүкіл күштердің бас қолбасшысы аятолла Хаменеи бүгін түсте Иран Қарулы күштерінің қолбасшылары мен жоғары лауазымды тұлғаларын қабылдап, бұл күштерді, Мүміндердің әмірі (ғ.) айтқандай, ел мен жердің берік қоршауы деп атап: "Бұл биік орынның ауыр жауапкершілігі бар. Аллаға шүкір, Қарулы күштер осы беделді орынның қадірін біліп, өз міндеттерін атқарып жатыр",-деді.

Аятолла Хаменеи Қарулы күштердің үздіксіз дамып жатқанына ризалық білдіріп: "Бекіну мен дамудың бір деңгейін қанағат тұтпаңыздар. Тоқтаусыз алға жүріңіздер",-деді.

Бүкіл күштердің бас қолбасшысы Құран аятына сүйеніп, әрдайым дайын болуды Жаратушының бұйрығы және дұшпандардың сескенуіне себеп деп атап: "Қауіп-қатер ешқашан толық жойылмайды. Сондықтан түрлі салада дайындықты барынша арттыру керек",-деді.

Бүкіл күштердің бас қолбасшысы халықаралық зұлым күштердің әлемнің түрлі аймақтарында соғыс отын лаулатып жатқанына тоқталып: "Үстемшілдер қай жерден табыс көзін көрсе, сол жерде астыртын қақтығыс тудырады",-деді.

Аятолла Хаменеи шамамен 20 жыл бұрын АҚШ-тың Иранның батысы мен шығысында бастаған екі соғысына тоқталып: "Америкалықтардың Ирак пен Ауғанстанда көздеген мақсаттары бар еді, бірақ басты мақсаты Исламдық Иран болатын. Ислам революциясының тұғыры берік болып, олар осы соғыстарда түпкі мақсатына жете алмады. Сондықтан дұшпан жақсылап есептесе де, қуатты әскери күшке ие болса да, жеңіліске ұшырай алады",-деді.

Аятолла Хаменеи сионистік режимнің қазіргі жағдайын осындай жеңілістердің бір үлгісі деп атап: "Сионистік режимнің былтырғы Рамазан айында Палестинаға қарсы жасаған іс-әрекеттері әлемде айтарлықтай реакция тудырмады. Бірақ биыл тіпті АҚШ пен Ұлыбританияда Израильдің қылмыстарына қарсы шерулер өтті",-деді.  

Бүкіл күштердің бас қолбасшысы жеңілетініне сенсек те, дұшпаннан қапы қалмау керегін айтып: "Ешқашан дұшпанның айла-шарғысын елеусіз қалдырмаңыздар",-деді.

Тегтер