Сәу 18, 2023 18:07 Asia/Almaty
  • ИИР Президенті: Иран қарулы күштерінің АҚШ сарбаздарына жолдауы аймақты тезірек тастап кету

Иран Президенті: «ИИР армиясы мен қарулы күштерінің аймақтан тыс күштерге, әсіресе Америка әскерилеріне жолдауы - тезірек аймақты тастап кету»,- деді.

ИИР Президенті Ибрахим Раиси Армия күніне арналған парадта: «Иран Ислам Республикасының қарулы күштері аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуші болып табылады. Иран армиясының жолдауы аймақ елдері үшін бейбітшілік пен достық болып табылады және аймақ қауіпсіздігін сақтауды қалайтындарды қолдайды. Иранның қарулы күштері аймақтық қауіпсіздіктің кепілі, ал аймақтан тыс күштер аймақтық қауіпсіздікке үлес қоспайды»,- деп мәлімдеді. Раиси аймақ халықтарына: «Иран армиясы мен қарулы күштері әрқашан аймақ халықтарының қауіпсіздігі, жайлылығы мен бейбіт өмірін қолдайды, үкімет те қарулы күштерді жабдықтап, қолдау көрсетуге міндетті»,- деді.

Тегтер