Сәу 21, 2023 18:08 Asia/Almaty
  • Иранда Ораза айт намазы сенбі күні таңертең оқылады

Ораза айт намазы сенбі күні таңертең Иранның түкпір-түкпірінде, соның ішінде Теһрандағы имам Хомейни (р.) атындағы "Мосалла" кешенінде Ислам революциясы жетекшісінің бастауымен оқылады.

Ораза айт намазын өткізу штабы: "Ертең таңертең Теһранның "Мосалла" кешенінің есіктері барша намазхандарға ашық болады",-деп хабарлады.

Ислам революциясы жетекшісінің бастауымен Ораза айт намазы соңғы рет х.ш.ж.с.б. 1398 жылы (4 жыл бұрын) өткен болатын.

Ислам революциясының жетекшісі кеңсесінің хабарлауынша, бүгін жұма х.қ.ж.с.б. 1444 жылдың рамазан айының 30 жұлдызына сәйкес келеді, ертең сенбі Ораза айт мерекесі болады.

Ислам елдерінің бірқатары, соның ішінде  Ирак, Оман мен Пәкістан шәууал айы көрінбегеннен кейін сенбі күнін Ораза айт деп жариялады.

Сауд Арабиясы, Бахрейн, Катар, Сирия, БАӘ, Түркия, Мысыр, Кувейт, Йемен, Палестина, Ливан мен Иордания бүгін жұманы бірінші шәууал және Ораза айт күні деп жариялады.  

Тегтер