Қалибаф Ораза айт мерекесіне орай әлем мұсылмандары мен ислам елдері Парламенттерінің төрағаларына құттықтау хат жолдады
Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы әлем мұсылмандары мен ислам елдері Парламенттерінің төрағаларын шәууал айы туып, Ораза айт мерекесінің басталуымен құттықтады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф ислам елдері Парламенттерінің төрағаларына арналған құттықтау хатында: "Мұсылмандардың бірлігі, тілеулестігі мен тату тіршілігінің көрінісі және ислам әлемінің абырой-айбының символы саналатын осы құтты мерекеде мұсылмандардың жүректері бір-біріне жақындап, исламның биік мақсаттарына жету жолында қадамдары нығая түседі",-деп үміт білдірді.
Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Ислам үмбеті терең ынтымақтасып, іс жүзінде бірігу арқылы ғана сионистік режимді жойып, исламның биік арман-мақсаттарын орындап, соның ішінде Құдсты азат ете алады",-деді.