Ислам революциясының жетекшісі: Ислам үмбеті бірігуі керек
(last modified Sun, 23 Apr 2023 17:29:58 GMT )
Сәу 23, 2023 23:29 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Ислам үмбеті бірігуі керек

Ислам революциясының жетекшісі Палестина мәселесін ислам әлемінің ең негізгі мәселелерінің бірі деп атап, сионистік режимнің біртіндеп құлдырап бара жатқанына тоқталып: "Құлдырау бірнеше жыл бұрын басталған. Қазір жылдамдай түсті. Ислам әлемі осы мұрсатты тиімді пайдалануы керек",-деді.

Аятолла Хаменеи сенбі күні халықтың бір тобы, жауапты басшылар және ислам елдерінің елшілерімен кездесуінде бірлікті ислам үмбетінің маңызды қажеттілігі деп атап, сионистік режимнің айтарлықтай құлдырап, тежегіш қуатының әлсірегенін айтып: "Бұл – Палестина халқы мен жастарының табанды қарсыласуының нәтижесі. Ислам әлемінің қазіргі стратегиясы Палестина ішіндегі күрескерлерге көмектесіп, оларды нығайту болуы тиіс",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі айтып өткендей, қазір Құдсты басып алған режим бетпе-бет келіп отырған мәселелердің бірі – режимнің саяси-экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан әлсіздігі. Шын мәнінде соңғы айларда ел ішінде және аймақта болған өзгерістер сионистік режимнің әлсірегенін көбірек көрсетіп берді. Өткен айларда басып алынған жерлерде ауқымды көше наразылықтары болды. Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың сот жүйесін реформалау жобасына қарсы наразылықтар өтті. Нетаньяхуға қарсылар бұл жобаны сот төңкерісі деп атады. Сионистердің ішкі бөлінушілігі арта түсті. Ал бұл жағдайда басып алынған жерлерде соңғы 4 жылда біртұтас кабинеттің құрылмауы және Кнессеттегі айқын қайшылықтар сионистік режимде ішкі біртұтастықтың жоғын көрсетеді. Өткен 4 жылдың ішінде Израильде 5 сайлау өтті. Құрылған альянстардың ешқайсысы ішкі дағдарыстарды ауыздықтай алмайды.

Тағы бір маңызды мәселе – Сирия, Ливан мен Газа секторында қарсыласу топтарының белсендігінің артуы және сионистік әскерилердің әл-Ақса мешітіне құрметсіздік көрсеткеніне реакция білдіруі. Бұл Құдсты басып алушылармен күресте қарсыласу топтарының үйлесе және бірлесе әрекет етіп отырғанын көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, қазір сионистік режим Палестинада, солтүстік және оңтүстік шекараларда біртұтас қарсыласу майданымен бетпе-бет келіп отыр. Мұсылман халықтары, соның ішінде Палестина халқының жеңіске жету факторларының бірі – бірлік пен табанды қарсылық. Сол себепті дұшпандар ислам қоғамында өздерінің отарлық мақсаттарына жету үшін іріткі салып, мұсылмандардың бірігуіне тосқауыл қоюға тырысады.