Мохбер: Иран мен Қазақстанның сауда айналымы 3 млрд долларға жететін болады
(last modified 2023-04-27T11:04:23+00:00 )
Сәу 27, 2023 17:04 Asia/Almaty
  • Мохбер: Иран мен Қазақстанның сауда айналымы 3 млрд долларға жететін болады

Иран Вице-президенті Қазақстан Премьер-министрімен кездесуінде: "Иран мен Қазақстанның сауда айналымы 3 млрд долларға жететін болады",-деді.

Мұхаммед Мохбер сәрсенбі күні Әлихан Смайыловпен ортақ отырысында: "Иран мен Қазақстанның экономикалық қарым-қатынасы шамамен 20 пайызға артып, 500 млн доллардан асқанымен, екі елдің саяси қарым-қатынасының деңгейіне сәйкес емес",-деді.    

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Вице-президенті: "Қазақстан Премьер-министрімен екі елдің экономикалық алыс-берісін 3 млрд долларға жеткізуге келістік",-деді.

Мохбер екі елдің басқа келісімдеріне тоқталып: "Екі ел арасында транзит, іргелі ғылымға негізделген өндіріс және туризмді жандандыру туралы келістік",-деді.  

Иран Вице-президенті: "Осы кездесуде екі ел арасында әуе рейстерін ашуға және ортақ кеме қатынасы компаниясын құруға келістік",-деді.

Сондай-ақ Қазақстан Премьер-министрі осы кездесуде: "Ұзақ келіссөздер жақсы келісімдермен аяқталды. Иран мен Қазақстан достық және тату көршілестік қатынасты сақтап отыр",-деді.

Қазақстан Премьер-министрі: "Екі ел арасында конструктивті саяси диалог орнаған.  Екіжақты экономикалық және мәдени қатынас даму үстінде",-деді.

Қазақстан Премьер-министрі: "Қазақстан үшін Иран – маңызды нарық",-деді.

Тегтер