Иран Президенті Хузестанға сапармен барды
(last modified Fri, 28 Apr 2023 11:26:17 GMT )
Сәу 28, 2023 17:26 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Хузестанға сапармен барды

ИИР Президенті Хузестан халқының әртүрлі топтарының жиынында: «Бұл облыстың халқы жүйеге адал болды, енді біз олардың мәселелерімен айналысуымыз керек және бұл мәселелер шешілмейінше бір сәтке де тыныштық таппаймыз»,- деді.

Раиси әділетті жүзеге асыруды 13-ші үкіметтің негізгі міндеті деп атап: «Жиһадтық жұмыс арқылы кедейлікпен, сыбайлас жемқорлықпен және кемсітушілікпен күресу басшылардың бірінші міндеті болуы керек»,- деп мәлімдеді.

Президент Хузестан облысындағы атқарылған жобаларға, соның ішінде 174 ауылды сумен қамтамасыз ету, Ахваз канализациясы жобасында 150 жұмыс желісін іске қосу және халыққа қажетті электр қуатын жеткізу жұмыстарға тоқталып: «Бұл салада жасалмаған жұмыстар бар, біз бұл мәселелерді шешуге бел будық»,- деп айтты.

Хузестан облысында 60 мың адамды жұмыспен қамту, білікті адамдарға тұрғын үй салу үшін жер беру және жартылай аяқталған жобаларды аяқтау президенттің Хузестан халқының әртүрлі топтары арасында баса назар аударған бағыттарының бірі болды.