Сәу 29, 2023 11:51 Asia/Almaty
  • Аштиани аймақтың қауіпсіздігін сақтау үшін Иран мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуді қуаттады

Иранның Қорғаныс министрі аймақтағы қауіпсіздікті сақтау үшін ИИР мен Тәжікстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды қуаттады.

Мұхаммадреза Қараи Аштиани  Үндістанда өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында Тәжікстанның Қорғаныс министрі  Шерали Мирзамен  кездесуінде Орталық Азия аймақтық және аймақтан тыс елдер арасындағы геосаяси өзара әрекеттестіктің, кейде текетірес пен бәсекелестіктің орнына айналғанын айта отырып: «Мұндай жағдайда аймақтан тыс державалар өз мүдделерін іздейді, сәйкесінше екі ел аймақтың қауіпсіздігін сақтау үшін ынтымақтастығын күшейтуі керек»,- деді.

Тәжікстанның Қорғаныс министрі Иран мен Тәжікстанның ортақ мәдениеті мен тарихи және өркениеттік негізіне тоқталып, екі елдің қарым-қатынасын да терең және бауырластық деп тауып: «Әлемдегі және аймақтағы оқиғаларға шолу жасай отырып, қауіпсіздік мәселесі екі елге де ортақ»,- деді.

Тегтер