Иран Президентінің Сирияға сапары аймақтық қатынаста бетбұрыс нүктесі болмақ
https://itolqyn.com/news/iran-i69380
Сириядағы ИИР елшісі Иран Президентінің сәрсенбі күнгі Сирияға сапарын аймақтық қатынаста бетбұрыс нүктесі деп атап: "Бұл шара трансаймақтық қатынасқа да жақсы әсер ететін болады",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 02, 2023 00:50 Asia/Almaty
  • Иран Президентінің Сирияға сапары аймақтық қатынаста бетбұрыс нүктесі болмақ

Сириядағы ИИР елшісі Иран Президентінің сәрсенбі күнгі Сирияға сапарын аймақтық қатынаста бетбұрыс нүктесі деп атап: "Бұл шара трансаймақтық қатынасқа да жақсы әсер ететін болады",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сириядағы ИИР елшісі Хұсейн Акбари аймақта елеулі өзгерістер болып жатқандықтан Иран Президентінің Сирияға сапары өте маңызды болатынын айтып: "Бұл сапардың аймақтық және трансаймақтық әсері болады. Мұнымен қоса, екі елдің қарым-қатынасын барлық салада нығайтып, дамытуға көмектеседі",-деді.

Сириядағы ИИР елшісі сондай-ақ Иран мен Сирияның сионизмге қарсы майданның мүшелері екенін айтып: "Теһран мен Дамаскта жеңіс туы  желбіреп тұр. Олардың интеграциясы күшейтілсе, қарсыласу күші арта түседі",-деді.