Раиси: Иран мен Үндістан жаңа әлемдік тәртіпте тиімдірек көздер бола алады
ИИР Президенті Үндістанның ұлттық қауіпсіздік кеңесшісімен кездесуінде: «Иран мен Үндістан аймақтағы ықпалды екі ел ретінде ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру арқылы жаңа әлемдік тәртіптің орнатылуынан туындаған өзгерістерде тиімдірек бола алады»,- деді.
ИИР Президенті Ибрахим Раиси Теһранда Үндістанның ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Аджит Дуалмен кездесуінде екі елдің достық қарым-қатынасының ұзақ тарихына тоқталып: «Бүгінде Иран мен Үндістан басшылары қарым-қатынастарын, әсіресе экономикалық және сауда салаларында кеңейтуді қалайды»,- айтты.
Иран Ислам Республикасының Президенті әлем жағдайларының өзгеріп, жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасып жатқанына тоқталып: «Әлемде болып жатқан өзгерістер жағдайында аймақтық және халықаралық ұйымдар, әсіресе Шанхай және БРИКС ұйымдары айтарлықтай күштері мен ресурстарының арқасында өте тиімді болуы мүмкін», - деді.
Раиси Иран мен Үндістанның екіжақты ынтымақтастығын нығайтудың өзара тиімділікпен қоса, аймақтық мәселелерді, соның ішінде Ауғанстан мәселесін шешуде сындарлы әсер етуі мүмкін екенін айтып: «Иран мен Үндістан аймақтағы ықпалды екі ел ретінде ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру арқылы жаңа әлемдік тәртіптің орнатылуынан туындаған өзгерістерде тиімдірек бола алады», - деді.