Иранның саудасы 6,7 миллиард долларды құрады
(last modified Tue, 02 May 2023 10:56:17 GMT )
Maм 02, 2023 16:56 Asia/Almaty
  • Иранның саудасы 6,7 миллиард долларды құрады

Иран кедені жариялады: Иранның саудасы бір айда (сәуірде) 6,7 миллиард долларға жетті.

Иран кедені осы жылдың бірінші айында (1402) елдің 558 миллион долларлық оң сауда сальдосын жариялап: «Елдің сауда алмасуы жылдың бірінші айында 6 миллиард 732 миллион долларға жетті», - деп жариялады.

Иранның кеден есебіне сәйкес, осы жылдың сәуір айында шетелге 3 миллион 645 миллион долларға 10 миллион 471 мың тонна тауар экспортталып, салмағы бойынша 17,76 пайызға артқан. Осы есеп бойынша 1402 жылдың бір айында елге 3 миллиард 87 миллион доллардың бір миллион 829 мың тонна тауары кірген.

Сұйытылған табиғи газ, сұйытылған пропан, сұйытылған бутан, қоспасыз темір және болат құймалары және метанол Иранның экспорттық тауарларының 5 негізгі тармағы болып табылады. Сондай-ақ Қытай, Ирак, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Үндістан осы жылдың сәуір айында Иранның негізгі бес экспорттық бағыты болды.