Maм 03, 2023 14:02 Asia/Almaty
  • ИИР Президентінің Сирияға сапары - қарсыласу билігінің көрінісі, өзара әрекеттестік пен жақындасу үлгісі

ИИР Президенті бүгін, сәрсенбі Сирия Президенті Башар Асадтың ресми шақыруымен саяси және экономикалық қайраткерлерден құралған жоғары мәртебелі делегацияның басында осы елге сапармен барды.

ИИР Президентінің Сирияға сапары өте маңызды және оны әртүрлі қырынан бағалауға болады. Бұл ИИР Президентінің осы елдегі дағдарыстың басталуы 2011 жылдан бері Сирияға жасаған алғашқы сапары. Осы уақыт аралығында Сирия Президенті Башар Асад Иранға екі рет барып, Ислам революциясының жетекшісімен кездесті.

Соңғы жылдары Сирия күрделі қауіпсіздік, әскери және саяси дағдарыстарды бастан өткерді. 2011 жылдан бері ондаған елден 150 мыңнан астам лаңкес Сирияға кірді және лаңкестік топтар түрінде, соның ішінде ДАИШ адамдарды өлтіріп, қиратып, қауіпсіздікті тудырды. ИИИР осы жылдар бойы Сирияға көмекке ұмтылды және Иранның  шәһид генерал Қасем Сүлеймани  сияқты әскери кеңесшілері мен қолбасшылары Сирия армиясы мен халық күштерінің жанында болды. Ақырында Сирия лаңкестер мен жауларға қарсы жеңіске жетті. Енді Башар Асад үкіметі өз билігін күшейтті және Араб елдері, соның ішінде Сауд Арабиясы бұл фактіні қабылдады. Иран мен Сауд Арабиясы дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға келіскеннен кейін араб елдері Сириямен қарым-қатынасын жақсартып, бұл елді Араб лигасына қайтаруға кірісті. Осы аяда Иордания, Сауд Арабиясы, Сирия, Ирак және Мысыр сыртқы істер министрлері дүйсенбі күні Иорданияның астанасында Сирия дағдарысын шешу талпыныстарын қарастыру мақсатында жиналыс өткізді.

ИИР Президентінің Сирия сапарына қатысты тағы бір маңызды мәселе – қарсыласу осін нығайту және біріктіру.  Бұл сапар Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан жақында Бейрутке барып, Ливан Хезболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насралла және Палестина Исламдық жиһад қозғалысының бас хатшысы Зиад әл-Нахлехпен кездескен кезде орын алуда. Сионистік режимнің 13 арнасы Амир Абдуллахианның Ливанға сапары мен Раисидің Сирияға сапарына сілтеме жасап: «Сионистік топтар бұл қозғалыстарды аймақтағы соңғы оқиғаларға сәйкес сипаттайды, әсіресе бұл сапар осы режимнің бейберекет ішкі жағдайымен тұспа-тұс келді»,- деп жариялады.

ИИП Президентінің Сирия сапарына қатысты тағы бір маңызды мәселе оның экономикалық өлшемі болып табылады, өйткені бұл сапар екі елдің экономикалық жақындасуын нығайту аясындағы әрекет ретінде бағаланады.