Maм 05, 2023 16:40 Asia/Almaty
  • Ирандық әйелдер шайбалы хоккейінің Азиядағы қатарынан төртінші жеңісі

Иранның шайбалы хоккейден әйелдер ұлттық құрамасы ересектер арасындағы Азия чемпионатының төртінші ойынында БАӘ командасын жеңді.

ИСНА-ның хабарлауы бойынша, шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жалғасында Иран ұлттық құрамасы кеше кешке Үндістан, Кувейт және Қырғызстан командаларын жеңгеннен кейін БАӘ командасына қарсы сап түзеп, қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізе алды.

Бұл кездесу бірінші сетте 2-0, екінші сетте 4-0 және үшінші сетте 6-0 Иран құрамасының пайдасына аяқталды.Қорытындысында Иран құрамасы БАӘ-ді 14-0 есебімен ұтты.

Иран ұлттық құрамасы сенбі күні жартылай финалдық ойында Сингапур құрамасымен кездеседі.

 

Тегтер