Maм 07, 2023 20:06 Asia/Almaty
  • Сафари: Көршілес елдер, Азия, Африка мен Латын Америкасы елдері – Иранның экономикалық қатынасындағы басым бағыты

ИИР Сыртқы істер министрінің экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары: "Көршілес елдер, Азия, Африка мен Латын Америкасы елдері – Иранның он үшінші үкіметінің сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы басым бағыты",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мехди Сафари бүгін, жексенбі Теһранда V Иранның экспорттық мүмкіндіктері көрмесінің ашылу рәсімінде: "Бұл көрмеде 700-ден аса ирандық холдинг өздерінің экспорттық потенциалын жұрт назарына ұсынып отыр. Бұл компаниялар өнеркәсіптің 12 саласы, соның ішінде мұнай-химия, азық-түлік және іргелі ғылымға негізделген өнімдер өндіру саласында жұмыс істейді",-деді.  

Сафари: "ИИР Ұлы жібек жолындағы өзінің тарихи орнын ескере отырып, елдің әлеуеті мен транзиттік инфрақұрылымын дамытуға шешім қабылдады. Осы аяда барлық елдермен әріптесуге дайын",-деді.  

Тегтер