Maм 08, 2023 20:37 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары америкалықтарға Парсы шығанағында текетірес тудыруына қатысты ескерту жасады

Ислам революциясының Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары: "Америкалықтар Парсы шығанағында ирандық кемелерге қырын қарайтын болса, біз оларға қатынасты қиындатамыз",-деді.

Кейінгі күндері жарияланған видеода Сақшылар корпусы теңіз күштерінің ескертуінен кейін америкалық кеменің Иранның Парсы шығанағындағы шекарасынан жылдам алшақтағаны көрсетілген. Сақшылар корпусы теңіз күштерінің табандылығының арқасында америкалық кеменің экипажы парсы тілінде сөйлейді.

Ислам революциясының Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары адмирал Әли Фадави: "Егер Үлкен сайтан мен оның сұрқия достары Иранның бір кемесіне қырын қараса, олардың барлық кемелеріне қатынасты қиындатып жіберетініміз соншалықты, олар бұрынғыдай әрекет ете алмайтынын мойындайды",-деді.

Адмирал Әли Фадави: "АҚШ пен басқа да елдер 44 жыл бойы Ислам революциясына қарсы қолдарынан келген істің бәрін жасады. Алайда бір рет те жеңіске жетпеді. Дұшпандардың өздері осы аралықта жасаған іс-әрекеттерінде бірде-бір рет жеңіске жетпегенін мойындады",-деді.

Адмирал Әли Фадави: "Иранға қарсы мәдени-экономикалық соғыс жүргізуге жауапты АҚШ Қаржы министрлігі өткен 44 жылда не істесек те, сәттілікке қол жеткізбедік деп мәлімдеді",-деді.  

Тегтер