Иранның БҰҰ-дағы елшісі: Шаңды дауылмен күресу жөніндегі халықаралық конференция Иранда өтеді
Иранның БҰҰ-дағы елшісі және тұрақты өкілі ИИР-ның БҰҰ-мен ынтымақтастықта шаңды дауылмен күресу жөніндегі халықаралық конференцияны өткізетінін хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Амир Саид Ирвани дүйсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының ормандар жөніндегі 18-ші жылдық отырысында ормандардың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық дағдарыстар, шаңды дауылдардың тигізетін зияны мен теріс әсерлерімен күресу қабілетіне тоқталды. Ол: «ИИР БҰҰ-мен ынтымақтастықта 9 және 10 қыркүйек күндері шаңды дауылмен күресу жөніндегі халықаралық конференцияны өткізеді. Оның мақсаты – шаң-тозаңнан зардап шеккен елдердің қиындықтары мен мәселелерін зерттеу және осы жаһандық сынақ пен проблеманы шешудің практикалық шешімдерін ұсыну»,- деді.