Maм 10, 2023 17:06 Asia/Almaty
  • Канани Чафи: Сионистік режим - балаларды өлтіретін құбыжық

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Сионистік режим - палестиналық балалардың түсінде үнемі пайда болатын балаларды өлтіретін құбыжық»,- деп айтты.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани Чафи Twitter-де сионистердің Палестина халқына, әсіресе палестиналық балаларға қарсы жасаған қылмыстарына тоқталып: «Сионистік қылмыстық режим кеше палестиналық балалар мектебін қиратып, бүгін олардың жандарын қиды»,- деп жазды.

Жексенбі күні (7 мамыр) Израиль әскерилері Иордан өзенінің батыс жағалауының оңтүстігінде 66 палестиналық ұл мен қыз оқитын 6 сыныпты бастауыш мектепті қиратты. Сионистік режимнің сейсенбі күні таңертең Газа секторына жасаған шабуылында бірнеше палестиналық бала шәһид болып, жараланды. Иранның жоғары дәрежелі дипломаты да сионистік режим жауынгерлерінің Газа секторына жасаған шабуылын айыптады.

Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі сионистік режимнің Газа секторына жасаған шабуылында 13 палестиналық шәһид болып, 20-дан астам адамның, соның ішінде бірнеше әйелдер мен балалардың жараланғанын хабарлады.

Тегтер