Maм 13, 2023 13:07 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан мен Хания Палестинадағы соңғы оқиғаларды талқылады

Иран Сыртқы істер министрі және Палестинаның ХАМАС исламдық қарсыласу қозғалысының саяси бюросының басшысы Палестинадағы соңғы өзгерістер мен сионистік режимнің Газа секторын аяусыз шабуылын талқылады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Хұсейн Амир Абдуллахиан  жұма күні кешке  Исмаил Ханиемен телефон арқылы сөйлесуінде сионистік режимнің Газа секторына аяусыз шабуылы және қарсыласу жетекшілерін мақсатты түрде өлтіру, тұрғын аудандардың нысанаға алынуын және бейкүнә Палестина халқын, әсіресе әйелдер мен балаларды өлтіруді және осы режимнің адам құқықтарын ашық түрде бұзуын қатаң айыптады. Ол бұл әрекеттерді сионистердің Палестина халқы мен топтарының қарсылығына қарсы әлсіздігі мен дәрменсіздігінің белгісі деп санады.

Осы телефон сұхбатында Исмаил Хание де Ислам революциясының жетекшісі мен ИИР Президентіне сәлем жолдап, Иранның Палестинаға қолдау көрсетудегі саяси ұстанымдарына алғыс айтып, қарсыласу күштерінің толық дайындығы мен қарсыласу топтарының сионистік режимнің басқыншылық шабуылдарымен күресу үшін тығыз үйлестіруін және Палестина халқының жоғары рухын қуаттады.

Тегтер