Maм 15, 2023 18:06 Asia/Almaty
  • Бүгін – Иранның ұлы эпик ақыны Фердоусиді ұлықтайтын күн

15 мамыр – Иранның ұлы эпик ақыны хакім Әбілқасым Фердоусиді ұлықтайтын күн әрі Парсы тілі мен әдебиетін сақтау күні.

Хакім Әбілқасым Фердоуси (940-1020) Иранның солтүстік-шығысындағы Тус қаласында дүниеге келген.

80 жыл өмір сүрген Фердоуси поэзиялық қуаты мен ынтасының арқасында Иран халқының ұлттық тұлғаларын қайта жандандырып, "Шахнама" атты теңдессіз туынды жазып қалдырды.

Шамамен 50 мың бәйіттен тұратын "Шахнама" кітабында ұлттық аңыз-әңгімелер, Иранның ежелгі патшалары мен батырларының тарихы баяндалған.  

Тегтер