Иранның мұнай өнеркәсібінде 16 жаңа барлау блогы ашылды
(last modified Mon, 15 May 2023 16:51:14 GMT )
Maм 15, 2023 22:51 Asia/Almaty
  • Иранның мұнай өнеркәсібінде 16 жаңа барлау блогы ашылды

Иранның мұнай өнеркәсібінде 16 жаңа барлау блогы ашылғаннан кейін елде көмірсутектің расталған қоры мұнай эквивалентінде 2 млрд 500 мың баррельге артты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның ұлттық мұнай компаниясының директоры Мохсен Ходжастемехр 16 жаңа барлау блогы ашылғанын айтып: "Он үшінші үкімет жұмыс істей бастағалы бері мұнай мен газ қорын максималды деңгейге жеткізу және өндірілген мұнай мен газдың орнын алмастыру көрсеткішін жоғарылату мақсатында елдің көмірсутек қорына мұнай эквивалентінде шамамен 2 млрд 500 млн баррель қосылды",-деді.