Maм 16, 2023 18:23 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Отанды сүю бәрінен жоғары тұруы тиіс

Иран Сыртқы істер министрі хакім Фердоусиді ұлықтау және Парсы тілі мен әдебиетін сақтау күніне орай сөйлеген сөзінде Отанды сүю бәрінен жоғары тұруы тиіс деп баса айтты.

Амир Абдуллахиан өз жолдауында: "Фердоуси Отанды сүйіп, ұлттық құндылықтарды құрметтеп, тәуелсіздікті сақтаудың бәрінен жоғары тұруы тиіс екенін үйретті",-деп жазды.

Амир Абдуллахиан өз жолдауында хакім Әбілқасым Фердоусидің өлеңдерінен екі бәйіт келтіріп: "Фердоусиді ұлықтау және Парсы тілі мен әдебиетін сақтау күні құтты болсын!",-деп жазды.

15 мамыр (25 ордибехешт) Иран күнтізбесінде ұлы эпик ақын Фердоусиді ұлықтау және Парсы тілі мен әдебиетін сақтау күні деп белгіленген.

Хакім Фердоуси 80 жылдық ғұмырында поэтикалық қуаты мен талғамының арқасында Иранның ұлттық тұлғаларын қайта тірілтіп, "Шахнама" атты теңдессіз туынды жазып қалдырды.

Тегтер