Maм 19, 2023 17:40 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының имамы: Иранның жетістіктері - гибридтік соғыс пен дұшпандардың жан-жақты қысымының басты себебі

Теһран жұма намазының имамы Казем Седиқи: «Дұшпан халықтың үмітсіздендіру және психологиялық соғыс үшін барлық мүмкін құралдармен сахнаға шықты, бірақ Иранның ержүрек халқы дұшпанмен соғысу алаңында тұр»,- деді.

Казем Седиқи: "Дұшпандардың қиыншылықтары мен ауыр үгіт-насихаттары жағдайында Иран елі шәһидтердің қанымен төгілген жетістіктерді сақтап қалуға және Ислам революциясының жетекшісіне мойынсұнуға табандылық танытып отыр. Ораза айт намазы мен Дүниежүзілік Құдс күні шеруі және Ислам революциясының жеңісінің жылдығы 22 баһманның теңдессіз дастаны бізді мақтан етеді. Ислам революциясының жеңісінен кейінгі 43 жыл ішінде Иран халқы дұшпандардың барлық қыршындары мен барлық араласулары мен қиындықтарына төтеп беріп, ерлік көрсетті",- деп мәлімдеді.

Теһран жұма намазының имамы Казем Седиқи "Керамат апталығы" және хазірет Фатима Масуменің туған күнімен құттықтап, оны қайталанбас тұлға ретінде сипаттады, және бұл күннің Қыздар күні деп аталуына тоқталып: «Бұл атау Исламдық Иранда ата-ана күнінің ерекше қадір-қасиеті мен орны болғаны сияқты, Иран Ислам Республикасы да қыздарға ерекше мән бергенін көрсетеді",- деді.

 

Тегтер