Maм 21, 2023 18:42 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі 86-шы флоттың Иранға қайтып оралуымен құттықтады

Иранның Бүкіл қарулы күштерінің бас қолбасшысы ел армиясы теңіз күштеріне тиесілі 86-шы флоттың Жер шарын сәтті айналып өткенін мақтады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Бүкіл қарулы күштері бас қолбасшысының жолдауында: "ИИР армиясы теңіз күштеріне тиесілі 86-шы флоттың ержүрек қызметкелерін миссияларының сәтті аяқталуымен құттықтаймын. Ардақтыларым, үйге қош келдіңіздер! Сіздерге сәттілік тілеймін",-делінген.

ИИР армиясы теңіз күштеріне тиесілі 86-шы флот 8 ай бойы 65 мың шақырымды кесіп өтіп, Жер шарын бір айналып, сенбі күні Бандар-Аббасқа тоқтады.

Тегтер