Maм 21, 2023 19:42 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Гильменд суын тұтыну құқығына қатысты ешқандай жеңілдік берілмейді",-деді.

Мұхаммед Бағер Қалибаф Иран мен Ауғанстанның Гильменд суын тұтыну құқығы туралы келісімі бұзылмайтынын айтып: "Ауғанстан жерінде су жеткілікті деңгейде жиналғандықтан, бұл елдің басшылары екі ел қарым-қатынасында туындауы мүмкін қиыншылықтардың алдын алады деп сенеміз",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф бүгін, жексенбі Ислам Кеңесі Мәжілісінің ашық жиналысының алдында сөйлеген сөзінде: "Гильменд суын тұтыну құқығы туралы келісім көршілес екі ел – Иран мен Ауғанстанның ұзақ тарихының бір бөлігі",-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Осы келісімді толық әрі нақты орындау екі халықтың мүддесіне сай келеді, Ауғанстанның батысы мен Иранның шығысындағы климаттық және географиялық жағдайды сақтап, халықтың әл-ауқатын жақсартады",-деді.

Қалибаф: "Ауғанстан басшылары ИИР-дың осыған қатысты оң ниетіне конструктивті жауап береді деп үміттенеміз",-деді.  

Тегтер