Maм 31, 2023 21:39 Asia/Almaty

Иран Қорғаныс министрлігінің авиация өнеркәсібі ұйымының мамандары жасаған "Симорғ" жүк тасымалдаушы ұшағы сынақтан сәтті өтті.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, "Симорғ" жүк тасымалдаушы ұшағы Иранның климаттық жағдайы, азаматтық және әскери авиацияның қажеттілігі және халықаралық стандарттарды ескере отырып, ирандық жастардың қолымен Иран Қорғаныс министрлігінде жобаланып, жасалды.

Жеңіл болуы, тасымалдайтын жүк көлемі, ұшу ұзақтығы, елдің климаттық жағдайына сай болуы, қысқа жолақтарға қонып-ұша алуы және қызмет көрсетуде, соның ішінде жедел жәрдем қызметінде жылдам болуы – осының барлығы "Симорғ" жүк тасымалдаушы ұшағының ерекшеліктерінің қатарына жатады.

Тегтер