Ислам революциясының жетекшісі: Жасампаз да тартымды тәсілдермен жас ұрпаққа шәһидтердің күрес жолын таныстыру керек
Ислам революциясының жетекшісі Нишапур мен Сабзевар шәһидтерінің ұлттық конгресін ұйымдастырушылармен кездесуінде: "Жасампаз да тартымды тәсілдермен жас ұрпаққа шәһидтердің күрес жолын таныстыру керек",-деді.
Аятолла Хаменеи Иранның солтүстік-шығысындағы Хорасан-е Разави облысының Сабзевар қаласында 2023 жылы 30 мамырда өткен 2044 шәһидті еске алу және Нишапурдың 2498 шәһидін еске алуға арналған ұлттық конгресті ұйымдастырушылар және екі қала шәһидтерінің жанұяларымен кездесуінде шәһидтердің есімдерін сақтауды Кербалада қан төккендердің есімдерін сақтаумен бірдей ұлы джиһад деп атап: "Өнер түрлерін және жасампаз да тартымды тәсілдерді пайдалана отырып, келесі ұрпаққа шәһидтердің күрес жолын таныстыру керек",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі Нишапур мен Сабзевар шәһидтерінің ұлттық конгресін ұйымдастырушылардың талпыныстарына алғыс айтып: "Тарих бойында үстемшілдер мен қараниеттілер шәһидтердің күрестері мен ерліктерін ұмыттыруға тырысты. Бұл үдеріс әлі де жалғасып жатыр. Сондықтан шәһидтердің есімін сақтау, шәһид тәрбиелеген жанұяларды құрметтеу және осы жолды жан-жақты қолдап келе жатқан адамдарды ардақтау – джиһад. Бұл істің қадірін білуіміз керек",-деп еске салды.
Аятолла Хаменеи шәһидтердің өмірі жайлы естелік жазу үдерісіне тоқталып, естелік жазудың көркемдік қырларын арттыру керегін айтты.