Маусым 10, 2023 14:20 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының имамы: «Фаттах» гипердыбысты зымыраны аймақтың қауіпсіздігін жақсартты

Теһранның жұма намазының имамы «Фаттах» гипердыбыстық зымыранының таныстырылуын аймақтағы қауіпсіздік деңгейін арттырған иман және үміт зауытының өнімі деп атады.

Мұхаммад Джавад Хадж Әли Акбари Ислам революциясы Сақшылар корпусы Әскери-әуе күштерінің «Фаттах» гипердыбыстық зымыранының тұсаукесер рәсіміне тоқталып: «Бұл оқиға мүміндердің жүрегін қуанышқа бөлеп, шайтандардың өмірінде қорқыныш дауылын тудырды»,- деді. Теһранның жұма намазының имамы иман мен үміттің Иран мен Исламның дұшпандары тарапынан бұрынғыдан да көбірек шабуылға ұшырағанына тоқталып: «Дұшпандардың алған соққылары Иран халқының сенімі мен үмітінен болды»,- деп баса айтты. Мұхаммад Джавад Хадж Әли Акбари соңғы жылдардағы дұшпандардың ИИР-на қарсы қастандықтарын, әсіресе өткен жылғы тәртіпсіздіктерді еске түсіріп: «Дұшпан Иран халқының сенімі мен үмітінің соққысына ұшырағанын және әлі де солай болатынын жақсы біледі»,- деп мәлімдеді.

Тегтер