Маусым 12, 2023 20:20 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі атом өнеркәсібінің стратегиялық маңыздылығын баса айтты

Ислам революциясының жетекшісі көрнекті ғалымдар, сарапшылар, атом өнеркәсібі саласының жауапты тұлғаларымен кездесуінде бұл өнеркәсіпті елдің түрлі салаларда дамуының кілті деп атады.

Аятолла Хаменеи жексенбі күні осы кездесуде ядролық жетістіктердің Иран халқының тұрмыс жағдайының жақсаруына түбегейлі әсер ететінін айтып: "Атом өнеркәсібі Иранның саяси салмағы және әлемдегі орны тұрғысынан халықтың абырой-айбын жинауына себеп болады. Дұшпандардың Иранды болашақсыз ел деп көрсетіп, жастарды үмітсіздендіру үшін жасап жатқан талпыныстарына керісінше, қоғамда халықтың рухы мен өз-өзіне сенімін сақтап қалады. Халыққа, әсіресе жастарға үлкен алаңдарға шығып, оларды бағындыра алатынын көрсетеді",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі сан рет айтқандай, бүгінде елдердің қауіпсіздігі мен дамуын қамтамасыз ету үшін бейбіт ядролық технологияға қол жеткізу керегі – талас тудырмайтын тақырып. Ядролық технология – жаңа өнеркәсіп салаларының дамуы мен жаңа технологияларды таратуда үлкен үлеске ие негізгі технологиялардың бірі.

Қазіргі таңда Иранда ядролық технология түрлі салаларда, соның ішінде  медицина, энергетика, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіпте пайдаланылады. Ол шетелдік валютаның елден шығарылуының алдын алуға көмектесіп қана қоймайды, бұған дейін Батыс елдерінің монополиясында болған кейбір өнімдердің енді Иранда өндірілуіне жағдай жасайды.  

Сонымен қатар кейбір жобалар ядролық институтта зерттелу сатысынан өндіріс сатысына жетті. Қазіргі таңда ирандық ғалымдар радиодәрі өндіру саласында айтарлықтай жетістікке жетті. Ядролық өнеркәсіпке қажетті жабдықтардың 90 пайызға жуығы ел ішінде жасалады. Бұл – ирандық ғалымдардың табанды еңбегінің нәтижесі.

Ядролық өнеркәсіптің қолданыс аясының кеңеюіне байланысты бұл өнеркәсіп көптеген елдердің назарына алынған. Иран Атом қуаты ұйымы ядролық отын өндіру циклі, электр қуатын өндіру, АЭС салу, сәулелендіруге қатысты бірнеше басты миссияға ие. Олар өнеркәсіп, қоршаған ортаның саулығы, ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдері саласында қолданылады.

Тегтер