Амир Абдуллахиан: Каракасқа сапар үкіметтің теңгерімді сыртқы саясаты мен дипломатиясының бір бөлігі болып табылады
(last modified Tue, 13 Jun 2023 13:23:32 GMT )
Маусым 13, 2023 19:23 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Каракасқа сапар үкіметтің теңгерімді сыртқы саясаты мен дипломатиясының бір бөлігі болып табылады

ИИР Сыртқы істер министрі ел президентінің Каракасқа сапары туралы: «Иран мен Венесуэланың бай энергетикалық ресурстардан игілігі, бірін-бірі толықтыратын және ортақ экономикалық және коммерциялық қуаттар мен байыпты ерік-жігердің болуы 20 жылдық стратегиялық келісімнің орындалуына және екі елдің мүдделерінің іс жүзінде жүзеге асуына кепілдік береді»,- деді.

Латын Америкасына жасаған алғашқы сапарында Ибрахим Раиси делегацияның басында Венесуэлаға барды. Ол осы сапарының жалғасында Никарагуа мен Кубаға бармақшы. Осы сапарда Президентпен бірге жүрген Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан твиттер парақшасында былай деп жазды: «Каракас - президенттің дипломатия және үкіметтің теңгерімді сыртқы саясаты аясында Оңтүстік Америкаға алғашқы аймақтық сапарының бірінші бағыты».

Тегтер