Маусым 14, 2023 17:21 Asia/Almaty
  • Иранның еркін күрестен жасөспірімдер құрамасы 10 медаль жеңіп алып, Азия чемпионы атанды

Иран ұлттық құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының еркін күрес жарысында барлық 10 салмақта медаль жеңіп алып, ірі есеппен біріншілікте жеңіске жетті.

 

Mehr News агенттігінің хабарлауынша, Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында еркін күрестен Азия чемпионатының жарысы өтті. Қорытындысында Иран құрамасы 45, 48, 65, 71, 80, 92 келі салмақта алтын, 55, 60, 110 келі салмақта күміс, 51 келі салмақта қола медальді жеңіп алды.

Командалық есепте Иран 225 ұпаймен және үлкен басымдықпен чемпиондық атағын жеңіп алса, Иран командасынан кейін 180 ұпаймен Үндістан және 158 ұпаймен Қазақстан екінші және үшінші орындарға ие болды.

 

Тегтер