Маусым 16, 2023 19:22 Asia/Almaty
  • Камалванди: Батыс елдері ядролық келіссөздер оларға маңызды емес деп өтірік айтады

Иран Атом қуаты ұйымының баспасөз өкілі: "АҚШ пен Батыс елдері ақпарат құралдарында оларға ядролық келіссөздер маңызды емес деп мәлімдейді, бірақ бұл өтірік",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бехруз Камалванди: "Батыс елдері Иранды ядролық күш-қуаттан айыруды көздейді. Олар Иранда мұндай қарым-қабілет болмағанын қалайды",-деді.

Бехруз Камалванди: "АҚШ-тың арманы – Иранның атом өнеркәсібін жою. Әрине мұны қазір айтпайды. Бірақ әрдайым көздеп келеді",-деді.

Бехруз Камалванди Иран мен АҚХА-ның келісімі туралы: "Осы агенттікпен келісімге сәйкес Исфахандағы центрифугалар жасау орталығында бейнекамералар қайта іске қосылды",-деді.

Камалванди: "Агенттіктің 29 бейнекамерасы мен аппараты жинастырылған болатын. Келісім бойынша, Натанзда 10-ға жуық бейнекамера іске қосылды",-деді.   

Тегтер