Маусым 17, 2023 17:29 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі бүгін Теһранға барады

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал Бин Фархан ирандық әріптесінің шақыруына жауап ретінде бүгін Теһранға барады.

Екі ел екіжақты қарым-қатынастарды қалпына келтіруге келіскеннен кейін Иран мен Сауд Арабиясының сыртқы істер министрлері бір рет Бейжіңде және екінші рет Кейптаунда екі рет кездесіп, өзара пікір алмасты. Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Кейптаун қаласында Амир Абдуллахианмен кездесуінде жақын арада Теһранға баратынын хабарлады.

Осыдан кейін «RaiAlyoum» электронды газеті ливандық саяси дереккөздерге сілтеме жасап,  «Фейсал бин Фархан Король Салман бен Абдулазиздің  Ибрахим Раисиге екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға байланысты жолдауын жеткізеді» деп жазды. Бұл ақпарат құралдарының хабарлауынша, Бин Фархан осы сапар барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастарды қарастыру үшін Иран президенті және басқа да бірнеше ресми тұлғалармен кездесіп, сөйлесетін болады.

Тегтер