Өзбекстан Президенті  Иранға сапар шекті
(last modified Sun, 18 Jun 2023 11:57:34 GMT )
Маусым 18, 2023 17:57 Asia/Almaty

Өзбекстан Президенті бүгін,  жексенбі күні ИИР Президенті Ибрахим Раисидің ресми шақыруымен және саяси және экономикалық қайраткерлерден тұратын жоғары мәртебелі делегацияның басшылығымен Теһранға келді.

 

Өзбекстан Президенті  Шауқат Мирзиеев ресми қарсы алу рәсімінен кейін ИИР Президентімен кездесіп, одан кейін екі елдің жоғары мәртебелі делегацияларының кездесуі өтеді.  Өзбекстан Президентінің Иранға сапарының басқа жоспарларының қатарында ынтымақтастық құжаттарына қол қою рәсімі мен баспасөз мәслихаты да бар. Бұл Өзбекстан Президентінің 1992 жылдан кейінгі екінші сапары және Мирзиеевтың Өзбекстан Президенті  ретінде Тегеранға бірінші ресми сапары.

2016 жылы Өзбекстан Президенті ретінде билікке  Шауқат Мирзиеевтің  келуімен бұл елдің үкіметі Иранмен қарым-қатынасын жақсартып, Иран Ислам Республикасының 13-ші үкіметінің дипломатиясында шығысқа қарау саясаты мен көршілес елдердің басымдылығының арқасында екі елдің тарихи қарым-қатынастары жаңа табыс тапты. Соңғы үш жылда Иран мен Өзбекстан билігі арасындағы қарым-қатынастарды дамыту мақсатында екіжақты консультациялар үздіксіз жалғасты;   Ибрахим Раиси  және  Шауқат Мирзиеев  2022 жылдың қыркүйегінде Самарқандта, 2021 жылдың қыркүйегінде Тәжікстанда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында және 2021 жылдың қарашасында Түркіменстанның Ашхабад қаласында өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) саммиті аясында   кездесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынастарды кеңейту қажеттігін баса айтты.

Транзит және тасымал саласы Иран мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық салаларының бірі болып табылады. Иран Солтүстік пен Оңтүстік, сондай-ақ Шығыс пен Батыс арасындағы көпір болып саналады және Шығыс Азия мен Орталық Азияны Еуропа мен Африканы құрлық пен теңіз арқылы байланыстыра алады. Сонымен бірге Өзбекстан теңізге шыға алмайтындықтан, сауда үшін тұрақты және қауіпсіз транзиттік жолға өте мұқтаж. Осы шеңберде Өзбекстан Президентінің Тегеранға сапары барысында тасымалдау және транзит саласындағы ынтымақтастық құжатына қол қойылып, оның негізінде әр маусым сайын көлік инфрақұрылымы саласындағы жұмыс тобының отырысы өткізілетін болады. Сондай-ақ өнеркәсіптік, мұнай-химиялық, фармацевтикалық, медициналық құрал-жабдықтар мен технологиялық жобалардағы ынтымақтастық екі ел билігінің күн тәртібінде тұрған салалардың бірі болып табылады және  Мирзиеевтің Теһранға сапары барысында осы бағытта келісімдер жасалады деп күтілуде.

Статистика сондай-ақ Иран мен Өзбекстан арасындағы сауда көлемінің артқанын көрсетеді, мысалы, екі ел арасындағы сауда байланысының көлемі 2022 жылы шамамен 435,7 миллион доллар болды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,5 миллион долларға өскенін көрсетеді.

 

Тегтер