Иран Президенті Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысымен кездесті
(last modified Mon, 19 Jun 2023 18:30:32 GMT )
Маусым 20, 2023 00:30 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысымен кездесті

Иран Президенті сионистердің палестиналық жастарды үмітсіздендіруді көздеп отырғанын айтты.

Иран Президенті Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысымен кездесуінде палестиналық жастарды басып алынған жерлерді қайтарудан бас тарттыруды сионистердің кейбір араб және исламдық елдермен қарым-қатынасты қалыптандыру үшін жасап жатқан талпыныстарының басты мақсаттарының бірі деп атап: "Бұл талпыныстардың еш нәтиже бермейтініне сенімдіміз",-деді.

Ибрахим Раиси бүгінде Палестина халқын басқа кезден әлдеқайда нығая түскенін, ал керісінше сионистік қоғамның құлдырау белгілері көрініп жатқанын айтып: "Қазіргі таңда аймақ елдерінен бастап Латын Америкасы елдеріне дейінгі әлем халықтары Палестинаға көңіл аударып отыр",-деді.

Иран Президенті қарсыласу барысында қаза болған шәһидтер, соның ішінде  қажы Қасым Сүлеймани төккен қанның арқасында әлемде жәһілдік жойылатынын айтты.  

Палестина исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Зияд Нахала осы кездесуде ИИР-ды аймақтық және халықаралық сахнада маңызды да шешуші ел деп атап: "Раисидің Латын Америкасына сапары – АҚШ санкцияларының жеңіліс тапқанының белгісі. Бұл жеңісті мақтан тұтамыз",-деді.

Тегтер