Ислам революциясының жетекшісі: Палестина мәселесі – ислам әлемі мен үмбетінің басты тақырыбы
Ислам революциясының жетекшісі Палестина мәселесін ислам әлемі мен үмбетінің басты тақырыбы деп атап: "Палестина мәселесінде қаншалықты ілгерілеушілік болса, ислам үмбетінің мәселелері де соншалықты ілгерілейтін болады",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясының жетекшісі сәрсенбі күні кешке Хамас саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хания және ол бастаған делегациямен кездесуінде Палестина мәселесінің ілгерілеуі, палестиналық мүмін жас ұрпақтың жауапкершілікті сезінуі, жеке және ұжыммен күрес алаңына шығуын маңызды тақырып деп атап: "Соңғы күндері Дженинде болған оқиғалар, палестиналық жастардың сионистік әскерилерді қоршап алуы болашақта толық жеңіске жетуге үміт сыйлаған жаңа сахнаның айқын үлгісі болды",-деді.
Аятолла Хаменеи Палестинаның қазіргі жағдайының 2-3 жыл бұрынғыдан әлдеқайда айырмашылығы барын айтып: "Соңғы бірнеше жылда Палестина мәселесінің тоқтап қалуының басты себебі жастардың күрес алаңына шықпауы болды. Ал енді жастар өздері ұйымдасып алаңға шықты. Маңыздысы – олар исламға иек артып отыр",-деді.
Аятолла Хаменеи қарсыласу топтары арасында бірлік пен үйлесімдікті одан ары арттыру керегін айтып: "Соңғы кезде Газада болған күресте дұшпандардың қарсыласу топтары арасына іріткі салып, бір-біріне айдап салуға талпыныс жасағанын көрдік. Құдайдың рақымымен бұл талпыныстар нәтиже бермеді. Сондықтан бірлік пен үйлесімдік мәселесіне көбірек көңіл бөлу керек. Осы жолды бар күш-қуатпен жалғастыра беру керек",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі Газаны қарсыласу ошағы деп атап: "Дұшпан тізе бүгетін жер батыс жағалаудағы аудан болмақ. Осы күнге дейін бұл аймақта жақсы ілгерілеушілікке қол жеткіздік",-деді.
Аятолла Хаменеи ИИР-дың Палестина мәселесін қолдайтынын айтып: "Имам Хомейни (р) ислам қозғалысы басталғалы бері шынайы сенім және иманмен Палестинаны қолдады. ИИР қолдауының негізі тактикалық немесе дипломатиялық әрекет емес, ислам шариғаты мен фикһке негізделген",-деді.
Аятолла Хаменеи: "Палестина жері бүкіл мұсылмандарға тиесілі. Сондықтан мұсылмандардың барлығы оны азат ету үшін күреске кірісуі керек. Бұл – бір шариғи міндет",-деді.
Осы кездесуде Хамас саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хания ИИР-ға Палестина мәселесін қолдап отырғаны үшін алғыс айып, басып алынған жерлер, әсіресе Иордан өзенінің батыс жағалауындағы соңғы өзгерістер туралы баяндап: "Газа – қарсыласудың жүрегі. Бірақ қазіргі таңда басты әрі шешуші күрес Иордан өзенінің батыс жағалауында болып жатыр. Сионистік режим қабылдап жатқан қатерлі шешімдерге қарамастан, күрескер жастардың артықшылығына байланысты бұл режимде нашар шешім жолдарының бірін таңдаудан басқа амал жоқ",-деді.