Маусым 24, 2023 17:03 Asia/Almaty
  • Сасанидтер сарбазының мүсіні Иранға тапсырылды

Иранның Лондондағы уақытша сенімді өкілі Англияға заңсыз жолмен әкелінген Сасанид сарбазының мүсінінің жұма күні Лондондағы Иран елшілігіне ресми түрде тапсырылғанын хабарлады.

Iran Press-тің хабарлауынша, Сейед Мәһди Хұсейни Матин твитінде: «Англияға контрабандалық жолмен әкелінген Сасанид сарбазының мүсіні оның Иранға тиесілі екені дәлелденіп, Британ мұражайында үш айға несиеге қойылған соң Иранға тапсырылды. Бұл құнды жәдігер жұма күні ресми түрде Лондондағы Иран Ислам Республикасының елшілігіне тапсырылды, Алла қаласа, жақын арада исламдық Отанына жөнелтіледі»,- деп жазды.

 

Тегтер