Маусым 25, 2023 18:07 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі шәһидтерді ел тарихындағы үздік батырлар деп атап, өнерпаздар мен БАҚ өкілдерін шәһидтерді есте сақтауға күш салып, жас ұрпаққа үлгі етіп ұсынуға шақырды.

Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аятолла Хаменеи бүгін таңертең жүздеген шәһидтің ата-аналары және жұбайларымен кездесуінде шәһидтерді ел тарихындағы үздік батырлар деп атап, шәһидтердің жанұяларының жоғары орнын Құран, джиһад, гуманизм және қоғам тұрғысынан түсіндіріп, өнерпаздар мен БАҚ өкілдерін шәһидтерді есте сақтауға күш салып, жас ұрпаққа үлгі ретінде ұсынуға шақырды.

Ислам революциясының жетекшісі Құран тұрғысынан шәһидтердің ата-аналары және жұбайларын басқа мұсылмандардан артық ізгілікке ие және Алланың жарылқауы мен мейіріміне бөленетін сабырдың үлгісі деп атады.

Аятолла Хаменеи ата-аналардың балаларын қиып жіберуін және әйелдердің өз күйеулерін аттандыруын Алла жолында садақа берудің биік шыңы деп атап: "Шәһидтердің жанұялары – нәпсімен джиһадтың айқын үлгісі. Өйткені олар балалар мен жұбайларға деген махаббат пен құштарлыққа қарамастан, оларды джиһадқа жіберді",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Қасиетті қорғаныс жауынгерлерін қолдайтын адамдардың барлығын шәһидтердің талпыныстарына ортақ деп атап: "Осы арада жүректерінің жемістері мен сүйікті жұбайларын Алла жолындағы джиһадқа аттандырып, көмектескен адамдар Қасиетті қорғаныс жылдарында жеңіске жетуде айқын рөл ойнады. Өкінішке орай, шәһидтердің ата-аналары және жұбайларының ұлы джиһады осы күнге дейін тасада назардан тыс қалып келеді",-деді.  

Аятолла Хаменеи шәһидтердің ата-аналары және жұбайларының ардақтылардан айырылғаннан кейінгі дерті жазылмайтынын, бірақ абырой мен мақтаныш мәйегі болғанын айтып: "Сондықтан Жаратушы осы сабырлы адамдардың дәрежесін өсірсін деп тілеймін",-деді.  

Аятолла Хаменеи шәһидтердің ата-аналары және жұбайларын Қасиетті қорғаныс қаһармандары, қасиетті кесенелерді қорғаушылар және өткен жылғы оқиғаларда қаза тапқан күрескерлерді еске алып, есімдерін сақтауға көмектесетін теңдессіз қазына деп атап: "Осы батырлардың мінез-құлқы, ақлақтық қасиеттері, өмір салты – қоғамға, әсіресе жастар мен жасөспірімдерге үлгі. Шәһидтердің жанұяларының естеліктерін басып шығару осындай үлгі жасауда маңызды рөл атқарады",-деді.

Аятолла Хаменеи Ислам революциясын Иранды діни, саяси және ақлақтық құлдыраудан құтқарған оқиға деп атап: "Революциядан кейін ел жастары барлық оқиғаларға белсене қатысып, дұшпандардың түрлі қастандықтарын жеңіліске ұшыратып, қоқан-лоқыларды мүмкіндіктерге айналдырып, Иранның мерейін асырды",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің соңында БАҚ өкілдері мен түрлі сала өнерпаздарын шәһидтердің есімі мен естеліктерін қызықты да тартымды етіп таратуға шақырып: "Әрине соңғы жылдары кітап басу, фильм түсіру және кейбір өнер салаларында жақсы істер атқарылды. Бірақ үлкен істер аздау болып тұр",-деді.

Тегтер