Иран мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
(last modified Mon, 26 Jun 2023 08:15:19 GMT )
Маусым 26, 2023 14:15 Asia/Almaty
  • Иран мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Иран мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы екі ел қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Хұсейн Амир Абдуллахиан  мен  Джихун Байрамов  кеше, жексенбі күні телефон арқылы сөйлесуінде  екіжақты және аймақтық қарым-қатынастар, соның ішінде экономикалық және көліктік жоспарлар саласындағы екі елдің тиісті мекемелері мен билігі арасындағы келіссөздер мен өзара байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Иран мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрлері де екіжақты күн тәртібіндегі шешуді қажет ететін мәселелерге қатысты келіссөздерді жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.