Канани: Франция араласушы мәлімдемелерден аулақ болуы керек
(last modified Mon, 26 Jun 2023 11:12:02 GMT )
Маусым 26, 2023 17:12 Asia/Almaty
  • Канани: Франция араласушы мәлімдемелерден аулақ болуы керек

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Парсы шығанағы аймағынан бірнеше мың шақырым жерде орналасқан Франция Иранды айыптаудың орнына араласушы мәлімдемелерден аулақ болу ұсынылады»,- деді.

Франция Сыртқы істер министрлігі жексенбі күні Парсы шығанағы аймағындағы жылдам өзгерістер мен Иранның тұрақсыздық көзі болып отырған жағдайда Еуропа Одағының осы аймақта көбірек қатысуы қажет деп мәлімдеді. Франция Парсы шығанағы терминін қолданудың орнына бұл аймаққа қатысты жалған «Шығанақ» сөзін қолданды.