Ислам революциясының жетекшісі: Қажылық – руханият пен ахлаққа негізделген өмірдің әмбебап рәсімі
(last modified Tue, 27 Jun 2023 09:17:26 GMT )
Маусым 27, 2023 15:17 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Ұлы қажылық құрылтайына байланысты жолдауында қажылық рәсімін адамзаттың кемелдігіне жаһандық үндеу және адамзаттың рухани және ахлақтық көтерілуінің негізі деп атап: «Қажылықтың жаһандық ықпалының қажетті шарты – Ислам үмбетінің «бірлік» және «руханият» деген екі тірекке негізделген осы сырға толы парыздың өмір беретін рөлін дұрыс түсініп, мойындауы»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісінің жолдауында былай деп айтылды:  

 بسم‌اللّه‌الرّحمن‌الرّحیمو الحمد للّه ربّ العالمین و صلّی اللّه علی الرّسول الاعظم محمّد المصطفی و آله الطّیّبین و صحبه المنتجبین.

 

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Әлемдердің Раббысы Аллаға мақтаулар болсын және ең ұлық елші Мұхаммед әл-Мұстафаға, оның пәк әулетіне және таңдаулы сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын.

Хазірет Ибрахимнің қажылық дұғасы және оның жаһандық шақыруы тағы да тарихтың жүрегінен орын алып, барша әлемге үндеп, бейім және еске алатындардың жүректерін ынта-жігермен толтырды.

Шақыру барша адамзатқа арналған, Қағба – барлық адамдардың мүбәрәк қонақжайы және жолбасшысы. Қағба – мұсылмандардың орталық және басты назар аударатын орны және қажылық рәсімі ислам әлемінің алуан түрлілігінің шағын үлгісі ретінде адамзат қоғамының жоғары деңгейіне және барлық адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қызмет ете алады. Қажылық бүкіл адамзатқа рухани жаңғыру мен рухани-адамгершілікті көтере алады және бұл бүгінгі адамзаттың өмірлік қажеттілігі. Қажылық үстемшілдік пен сионизмнің бүгінгі және ертеңгі адамзаттың моральдық құлдырауын мақсат ететін барлық жоспарларын залалсыздандыра алады. Бұл жаһандық әсердің қажетті шарты – мұсылмандардың бірінші қадамда қажылықтың өмірлік үндеуін дұрыс естіп, оны жүзеге асыруға бар күш-жігерін салуы. Бұл жолдаудың негізгі екі негізі – «бірлік» және «руханият». Бірлік пен руханилық – Ислам әлемінің материалдық және рухани ілгерілеуінің кепілі және жарықтандыруы баршаға арналған. Бірлік интеллектуалдық және практикалық байланысты, жүректердің, ойлардың және бағдарлардың жақындағанын, ғылыми және тәжірибелік дамуды,  Ислам елдерінің экономикалық байланысын, мұсылман үкіметтерінің сенімі мен ынтымақтастығын, сондай-ақ ортақ дұшпандарға қарсы бірлікті білдіреді. Бірлік дегеніміз дұшпан әзірлеген исламдық мәзһабтарды, ұлттарды, нәсілдерді, тілдерді және ислам әлеміндегі алуан түрлі мәдениеттерді бір-біріне қарсы қою жоспарын іске асыруға мүмкіндік бермеу. Бірлік дегеніміз – мұсылман халықтарының бір-бірін дұшпанның бүлік тудыру жолы арқылы емес, қарым-қатынас, диалог арқылы тану, бір-біріңіздің   мүмкіндіктерін  туралы хабардар болып, оны пайдалануды жоспарлау. Бірлік дегеніміз – Ислам әлемінің ғалымдары мен университет ұстаздарының бір-біріне көмектесіп,  Ислам мазхабтарының ғұламалары бір-біріне ізгі ниетпен, төзімділікпен, әділдікпен қарап, бір-бірінің сөзін тыңдауы,  әр елдің, әр діннің элиталары халықты бір-бірінің ортақ қасиеттерімен таныстырып, бірге өмір сүруге, бауырластыққа шақыруы керек. Бірлік ислам елдеріндегі саяси және мәдени жетекшілердің үйлесімді түрде алдағы әлемдік тәртіптің шарттарына дайындалуын да білдіреді. Ислам үмбетінің мүмкіндіктері мен қауіп-қатерге толы дүниенің жаңа тәжірибесіндегі лайықты орнын өз қолдарымен және өз қалауларымен анықтаңыздар.  Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыс үкіметтерінің қолымен жасалған Батыс Азияның саяси және аумақтық құрылысының ащы тәжірибесі қайталанбасын.

Руханият діни ахлақты насихаттауды білдіреді. Батыстың зияткерлік қайнар көздері ұзақ уақыт бойы насихаттаған  дінсіздіктің нәтижесі – Батыстағы моральдық құлдырау, оған әлемде бәрі куә. Руханият пен ахлақты қажылық рәсімдерінен, ихрамдағы қарапайым өмір сүруден, көзбояушылық артықшылықтарды қабылдамаудан, бүкіл халықтың таухид орталығының айналасында қозғалуынан, шайтанның өлтірілуінен, көпқұдайшылдардан безуден үйрену керек.

Қажы бауырлар мен қарындастар! Қажылық мүмкіндігін пайдаланып, осы бірегей парыздың қыр-сыры туралы тереңірек ойланып, оны ақыретке қажет жүк етіңдер. «Бірлік» пен «руханилық» осы уақыт тоғысқан тұсында бұрынғыдан гөрі көбірек үстемшілдік пен сионизмнің дұшпандығының  жойылуына себеп болады.  АҚШ және басқа да үстемдік полюстері мұсылмандардың бірлігіне, мұсылман және үкіметтерінің түсінігіне және осы халықтардың жас ұрпақтарының дінге сенуіне және заңнамасына үзілді-кесілді қарсы және олар кез келген әдіспен оған қарсы тұрады. Біздің баршамыздың және барлық елдеріміз бен үкіметтеріміздің міндеті – американдық және сионистік жоспарға қарсы тұру. Құдіретті Алладан көмек сұрағдар,  көпқұдайшылдардан безу рухын күшейтіңдер және оны өмірлік ортаңызда жариялау және тереңдету үшін өзіңізді жауапты деп санаңдар. Алла Тағаладан баршаңызға сәттілік және ирандық және ирандық емес қажылар үшін қабыл болатын және ризашылыққа толы қажылықты және баршаңызға хазірет Мәһдидің (ғ.с.) дұғасының қабыл болуын тілеймін.

 

والسّلام علیکم و رحمة اللّه

 

 

6 зилхадже 1444 ж.

4 тир 1402 ж.