Маусым 27, 2023 23:21 Asia/Almaty
  • Теһранда ELECOMP халықаралық көрмесі өтіп жатыр

Теһранда төрт жылдық үзілістен кейін 26-шы ELECOMP халықаралық электроника, компьютер мен электронды сауда көрмесі өтіп жатыр.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 26-шы ELECOMP халықаралық көрмесі жексенбі күні Теһранның халықаралық көрмелер орталығында Иран Президентінің ғылым, технология және іргелі ғылымға негізделген экономика жөніндегі орынбасары Рухолла Деһқани Фирузабади мен Байланыстар министрі Иса Зарепурдың қатысуымен басталды.

Бұл үшкүндік көрме – 500 отандық және шетелдік компанияның қатысуымен өтетін Ирандағы ақпараттық технология мен байланыстар саласындағы ең ірі оқиға. Бұл компаниялардың 150-ден астамы – стартаптар пен іргелі ғылымға негізделген компаниялар.

Тегтер