ИИР армиясы Құранды қорлауды айыптады
https://itolqyn.com/news/iran-i70804-ИИР_армиясы_Құранды_қорлауды_айыптады
ИИР армиясы Құран Кәрімді қорлауды айыптап мәлімдеме жасады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 02, 2023 14:21 Asia/Almaty
  • ИИР армиясы Құранды қорлауды айыптады

ИИР армиясы Құран Кәрімді қорлауды айыптап мәлімдеме жасады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, ИИР армиясы: «Ислам дұшпандарының Швециядағы дінге қарсы және норманы бұзатын әрекетін, кейбір жаһандық қылмыскерлердің қолдауына қарамастан, ешбір еркін адам  және бейбітшілікті, бірлік пен жаһандық қауіпсіздікті қолдайтын қоғам мен елдердің ешқайсысы  мақұлдамайды»,- деп жариялады.

Иран Ислам Республикасы армиясының мәлімдемесінде: «Құранның нұры адам жүрегінде ешқашан сөнбеген. Кейбір батыс елдеріндегі шарасыз әрекеттер осы иләһи кітапқа деген сенімге ешқандай кедергі келтіре алмайды, керісінше әсіресе қасиетті қажылық күндерінде мұсылмандардың көбірек бірігуіне негіз болады»,- деп айтылды.