Шіл 04, 2023 14:28 Asia/Almaty
  • Қарым-қатынастарды дамыту жолдарын зерттеу - Иран мен Оңтүстік Африка сыртқы істер министрлері арасындағы диалогтың өзегі

Иран мен Оңтүстік Африканың сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесуінде екіжақты қарым-қатынастардың соңғы жағдайы мен екіжақты қарым-қатынастарды дамыту жолдарын қарастырды.

Iran Press баспасөз ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан кеше дүйсенбі күні Оңтүстік Африканың Сыртқы істер министрі Наледи Пандормен телефон арқылы сөйлесіп, Кейптаундағы БРИКС плюс отырысы аясында екі жақтың сындарлы келіссөздеріне сілтеме жасап, Теһранның Преториямен жан-жақты қарым-қатынастарын дамытуға дайын екенін қуаттады.

Оңтүстік Африканың Сыртқы істер министрі Наледи Пандор Оңтүстік Африка Президенті Сирил Рамафосаның ИИР Президенті Ибрахим Раисиге ресми шақыруын жіберуіне сілтеме жасай отырып, оның БРИКС саммитіне қатысуын ерекше атап өтті.

БРИКС құрамына Қытай, Ресей, Үндістан, Бразилия және Оңтүстік Африка  кіреді және оны құру идеясы 2000 жылдан басталады. Осы экономикалық топқа кіруге ниетті елдер қатарында Иран мен Сауд Арабиясы да бар.

Тегтер