Шіл 04, 2023 14:52 Asia/Almaty
  • Өткен жылы Иранның табиғи газ экспорты артты

Иранның табиғи газ экспорты өткен жылы 9 пайызға өсіп, 19 миллиард текше метрге жетті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Энергетика институты әлемдік энергияның статистикалық шолуының 72-ші жылдық есебінің бір бөлігінде әлемдегі табиғи газ саудасына қатысты статистикалық мәліметтерді ұсынды.

Осы есеп бойынша Иран өткен жылы 18 миллиард 900 миллион текше метр табиғи газ экспорттады, бұл биылғы жылы құбыр арқылы әлемдік табиғи газ саудасының 2,5 пайызына тең болды. 2022 жылы Иранның газ экспорты алдынғы жылмен салыстырғанда 9 пайызға өсті, бұл осы өнімнің әлемдік саудасының орташа өсімінен 4 еседен астам. Өткен жылы Иранның жалпы экспорты 18,9 миллиард текше метр газдың 9,4 миллиард текше метрі Иракқа, 9,1 миллиард текше метрі Түркияға және 0,4 миллиард текше метрі Әзірбайжанға экспортталды. Ресей 2022 жылы 125 миллиард текше метрді экспорттай отырып, құбырлар арқылы табиғи газды ең көп экспорттаушы болып табылады.

Тегтер