Амир Абдуллахиан Иран мен Алжирдің екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы талпыныстарын  қуаттады
(last modified Sat, 08 Jul 2023 12:00:13 GMT )
Шіл 08, 2023 18:00 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Иран мен Алжирдің екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы талпыныстарын  қуаттады

Иран Сыртқы істер министрі алжирлік әріптесімен ортақ баспасөз мәслихатында екі елдің дипломатия, ғылым мен технология, ауыл шаруашылығы және медициналық құрал-жабдықтар салаларындағы қарым-қатынастарын дамыту талпыныстарына тоқталды.

 

Иран Пресс ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан Ахмад Атафпен кездескеннен кейін бір топ тілшілер ортасында Теһран мен Алжирдің қарым-қатынасы дұрыс жолда екенін айтып: "Екі ел арасында әрқашан саяси деңгейде берік диалогтар болды және бұл жолды жалғастырады. Бүгінгі түрде әрекет етуге, содан кейін қалыпты визаларды жою жоспарларын жүзеге асыруға келісті. ИИР Президенті Ибрахим Раиси алдағы уақытта Алжирде өтетін Газ экспорттаушы елдер форумы басшыларының отырысына қатысады",- деді.

Алжир Сыртқы істер министрі де өзінің Ирандағы болуына ризашылығын білдіріп: «Біз өз елімізде жүргендей болдық. Ирандық әріптесіммен кездесуде Иранның Алжирдің Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуы жолындағы талпыныстарына шынайы ризашылығын білдірдім және Алжирдің осы халықаралық ұйымдағы ең маңызды басымдықтарына тоқталдым",- деп мәлімдеді. Ол сөзінің жалғасында: "Иран мен Сауд Арабиясының маңызды қадамы жетекші сын-қатерлерге қарсы тұруда аймақ елдері арасындағы жақындасуды нығайтуға көмектеседі деп үміттенеміз",- деді.

 

 

 
  

 

Тегтер