Шахшырақ кесенесіне жасалған лаңкестік әрекетке қатысты екі адам дарға асылды
(last modified Sat, 08 Jul 2023 12:36:43 GMT )
Шіл 08, 2023 18:36 Asia/Almaty
  • Шахшырақ кесенесіне жасалған лаңкестік әрекетке қатысты екі адам дарға асылды

Хазірет Шахшырақ (ғ.с.) қасиетті кесенесіне жасалған лаңкестік әрекетке қатысты 2 қылмыскердің жаза үкімі орындалып, олар дарға асылды.

26 қазан күні Фарс  облысы орталығы Шираз қаласында ДАИШ-тің хазірет Ахмад бин Мұсаның (ғ.с.) қасиетті кесенесіне жасаған лаңкестік әрекетінен 13 адам, оның ішінде 2 бала шәһид болып, 30 қажы жараланған болатын.  ДАИШ жауапкершілігін алған бұл лаңкестік әрекетті Біріккен Ұлттар Ұйымы мен әлемнің түрлі елдері айыптады.

Мизан ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Шахшырақ (ғ.с.) қасиетті кесенесіндегі лаңкестік әрекетке қатысты екі қылмыскердің жаза үкімі осы сенбіде (8 шілде) таңертең орындалды. Ел қауіпсіздігіне қарсы әрекет жасағаны үшін түрмеде отырған  Мұхаммад Рамез Рашиди  мен  Сейд Наим Хашем Катали дарға асылды.