Канани: Раисидің Африкаға сапары Иран мен Африка арасындағы ынтымақтастық үдерісіндегі жаңа серпіліс
(last modified Mon, 10 Jul 2023 12:17:09 GMT )
Шіл 10, 2023 18:17 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Президенттің Кения, Уганда және Зимбабве үш еліне сапарын үкіметтің Африка елдерімен қарым-қатынасты нығайту саясатының жалғасы деп бағалады.

 

Насер Канани дүйсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Иран Баспасөз тілшісінің сұрағына жауап беріп: «ИИР Президенті  Ибрахим Раисидің Африкаға сапары Иран мен Африканың үш елінің бірлескен және сындарлы ынтымақтастық үдерісіндегі жаңа серпіліс үшін жақсы мүмкіндік болып табылады. Африканың экономикасы өсу жолында болғандықтан, әлемнің көптеген маңызды елдерінің назарында",- деді.

Канани Қауіпсіздік кеңесінің 2231-қарарға қатысты жуырдағы отырысына және Иранның бұл әрекетке берген жауабына қатысты былай деді: "Біржақты санкцияларды АҚШ пен оның еуропалық одақтастары Иранға қарсы заңсыз құрал ретінде пайдаланды. Бұл санкцияларға жүгіну заңсыз және Иран халқының заңды құқықтарын бұзу және адам құқықтарын бұзу болып табылады. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламаға қатысты мәселелерге келетін болсақ, өкінішке орай, АҚШ бұл келімінен заңсыз шықты, ал еуропалықтар да өз міндеттемелерінен жалтарып, Американың жоқтығын өтей алмады",- деп мәлімдеді.

 

Тегтер