Шіл 11, 2023 17:25 Asia/Almaty
  • Араб парламенті төрағасы Ислам Кеңесі Мәжілісі спикерімен кездесті

Араб парламентінің спикері Адель әл-Асоуми Азия ассамблеясының жоспарлау және бюджет комитетінің отырысы алдында Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасымен кездесті.

 

Мұхаммад Бақер Қалибаф осы кездесуде: "Бұл кездесу Ислам әлемінің мәселелерін зерттеуге жақсы мүмкіндік болып табылады",- деп баса айтты.

Араб парламентінің төрағасы да кездесуге қатысу мүмкіндігіне алғыс айтып: «Мен Теһранға алғаш рет сапар шектім. Осы кездесу арқылы біз өз халқымыз бен елімізге қызмет етіп, мүше елдердің мүдделерін жүзеге асырып, жаһандық сын-қатерлерді еңсереміз деп сенемін",- деді.

Бүгін Теһранда АПА-ның Азия ассамблеясының жоспарлау және бюджеттік комитетінің отырысы ұйымға мүше елдер ассамблеясының 22 делегациясының қатысуымен өтеді.

 

 

Тегтер