Раиси: Иранның Африка континентіне көзқарасы ынтымақтастық ету
(last modified Wed, 12 Jul 2023 07:57:05 GMT )
Шіл 12, 2023 13:57 Asia/Almaty

ИИР Президенті Африка экономикасындағы Иранның үлесін арттыруға тоқталып: «Кейбір адамдар Африкаға отаршылдық көзқараспен қарайды, бірақ Иран Ислам Республикасының бұл құрлықтағы көзқарасы адамдық абырой мен ынтымақтастық болып табылады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси  сәрсенбі күні таңертең Африканың үш елі Кения, Уганда және Зимбабвеге аттанар алдында осы сапардың мақсаттары туралы: «Ислам революциясының жеңісінен кейін Иранның Африка елдерімен қарым-қатынасы әртүрлі салаларда жақсы болды. Бірақ уақыт өте келе кейбір қарым-қатынастар, әсіресе соңғы онжылдықта тоқтап қалды. Бүгінгі таңда Африкада бар орасан байлық пен табиғи және минералды ресурстарды және Африка елдеріндегі көптеген таланттарды ескере отырып, Иран мен Африка арасында қуат алмасу болуы мүмкін. Африкада жер өңдеу және ауылшаруашылық жұмыстары және ақуыз материалдары, ғылым мен технология саласында ынтымақтастық үшін жақсы өрістер бар. Африка елдерінде өте жақсы жұмыс істеуге болады және Иранның ғылым және технология кеңселерін осы жерлерде белсендіруге болады»,- деді.

Тегтер