Амир Абдуллахиан: Құранға құрметсіздік білдіру адам құқығын бұзу болып табылады
Иран Сыртқы істер министрі Құранға құрметсіздік білдіруді адам құқығын бұзу және екі миллиард мұсылманға өшпенділік, зорлық-зомбылық және дұшпандық тудыру деп санады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан кеше, сейсенбі күні Женевада өткен Адам құқығы кеңесінің Еуропа елдеріндегі соңғы уақыттағы Құранға тіл тигізу әрекеттеріне шолу жасау үшін өткен шұғыл отырысында осы отырысты өткізудің маңыздылығы, қажеттілігі және уақытылылығына тоқталды. Ол: «Құранға құрметсіздік білдіру адам құқығын бұзу ғана емес, сонымен бірге екі миллиард мұсылманға өшпенділік, зорлық-зомбылық және дұшпандық туғызады, бұл адам құқығын барлық шынайы жақтаушыларымен дереу айыпталуы керек. Швеция, сондай-ақ Еуропа билігі мұндай әрекеттердің қайталануын болдырмау үшін дереу және тиімді шаралар қабылдауы керек. Мұндай әрекеттерді айыптаудағы тартыну және кешіктіру қос стандарттарды қолдануды көрсетеді»,- деді.